Әнші Ерке Есмахан Меккеде біреудің өз атынан құрбандық шалғанын айтып, желіде бір желпініп қалды.
Сөйтсек бұл оның туған ағасы екен. Ол кісі осымен 8-ші рет Меккеге барған, әнші қарындасының атынан да құрбандық шалған.
“Қасиетті Құрбан Айт баршаңызға құтты болсын! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Жаратқан бәріңізге әрқашан да денсаулық берсін! Отбасыларыңыздан береке кетпесін! Ел аман, әр қазақ дәулетті болсын!
Дәл қазір Меккеде қажылық парызын өтеп жатқан және қызмет бабымен 8-ші рет Меккеде сапарда жүрген туған ағам Бауыржан менің атымнан құрбандық шалып жатыр екен. Дүйім жұрттың алдында Муслим екеуміз ағамызға алғысымызды осы жерде білдіргіміз келеді! Қабыл болсын!”, – деп жазған әнші Instagram парақшасында орамал таққан суретін жүктеп қойды.
https://kaz.365info.kz/mynysy-bolmady-birge-istejtin-zhurnalist-khyz-khajrat-adilgerejdin-maskharasyn-shygardy-328556
Желі қолданушылары әншіге құрбандығының қабыл болуын тіледі. Ал бір парасы әншінің суреттегі болмысын сынап тастады. „Осындай қасиетті күні орамал тағып, басқа кезде бәрін ашып тастайсыз, осының өзі екіжүзділік емес пе„ деп жазды. Тағы біреуі оған таңдау жасауды бұйырыпты: „Не хиджапты ки түбегейлі, не мүлде киме оны ойыншық қылмай„.