Ақтөбедегі мектептердің бірінде мұғалімге қатысты шу шықты. Шағымданған ата-ана 23 жастағы мұғалім 3- ші сыныпта оқитын қызына жыныс мүшесін көрсетіп, қолымен ұстатқан деп отыр.
Бұл туралы 31 телеарна хабарлады.
Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал оқуын қызыл дипломмен аяқтап, биыл ғана денешынықтыру пәнінің мұғалімі болған азамат бұлай істеді дегенге ұжым сене алар емеспіз дейді.
ЛЮДМИЛА ВИКТОРОВА, Тұрғын:
– Мен алғаш естігенде қатты қорқып кеттім. Өтірік деп ойладым. Әрине енді қорқамыз. Балаларымызды мектепке жіберуге қорқатын болдық. 8-ші сыныпта сіңілім оқиды. Ойлаудың өзі қорқынышты.
Мұғалімнен зәбір көруі мүмкін деген оқушының ата-анасы әзірге ел алдына шығуды қаламапты. Ал мектеп директоры жас мұғалім “олай істемеді” деп кесіп айта алмайды. Айтуынша, қазір кішкентай қызға тиісті деген мұғалім тергеуге байланысты жұмыстан шеттетілген. Дегенмен, басшылық жас мұғалімнен жаман қылық байқамаған едік деп отыр.
ЛАТЫП ӘЛІБИ, Ақтөбе қаласы №16 орта мектебінің директоры:
– Ақыл-есі дұрыс, колледж бітірген бала. Арақ ішпейді, темекі тартпайды. Оның артынан ондай жағдайды ешқашан көрген емеспіз. Қазір мен сізге нақты ештеңе айта алмаймын. Неге десеңіз қазір следствиесі жүріп жатыр. Бізге олар анық ештеңе айтқан жоқ.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиғаға қатысты шағым полиция бөліміне түскен. Қазір мұғалімнің әрекеттеріне қатысты істі полицейлер жан-жақты тексеріп, айналысып жатыр дейді.