Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
5
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

Ақтөбелік “діндарлар” нәпсісін тыя алмай, екі қызды зорлап кетті

Ақтөбе облыстық ІІД бүгін теріс ағым жетегінде жүргендердің қылмысын әшкереледі. 37 және 35 жастағы екі күдікті ұсталды. Олар бұрын сотталған, жат дінді ұстанады, сондай-ақ олар есірткі қолданған.

«Екі күдікті Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы пәтерлердің бірінде тұратын үйді тонаған. Олар құны 300 мың теңгеге бағаланатын заттарды алып кеткен. Кейін 26 және 21 жастағы қыздарды зорлаған. Осы оқиғаға байланысты Ақтөбе қалалық Ішкі істер басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің «Қарақшылық», «Зорлау», «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша із қозғады. Полиция қызметкерлері осы ауыр қылмыстың ізін суытпай ашып, қылмыскерді қолға түсірді. Қазір олар қамауға алынды. Көп ұзамай сот алдында жауапкершілікке тартылатын болады. Олар жасаған қылмыстары үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін», – деді облыстық Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция мен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Бауыржан Атабаев.

Айта кетейік, өңірде жат дін жетегінде жүргендердің қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Жыл басынан бері дәстүрлі емес дін жетегінде жүрген 19 адамның 25-і қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр. Олардың ұрлық, ұрып тонау, қарақшылық шабуыл жасау, қорғансыз әйелдерді зорлау қылмыстарына қатысы бар.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз