Ақтөбеде 11-ші сынып оқушысынан менингит анықталды. Қазір ол оқитын мектептің мұғалімдері мен сыныптастары жаппай тексеруден өтуде.
Ақтөбедегі №20 мектеп-лицейдің жоғары сынып оқушыларына үзіліс кезінде де кабинеттен шығуға рұқсат жоқ. Мамандар барлық сабақтардың бір жерде өткізуге рұқсат берген. 11-сыныпта оқитын бала екі күн бұрын демалыс кезінде қызуы көтеріліп, есінен танған. Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Беті бірер күнде бері қарайды дейді дәрігерлер.
“Ол класта карантин жарияланды. Яғни балалар ол кабинеттен шықпайды. Мұғалімдер мен оқушылар тексеруге жіберілді”, деді №20 мектеп-лицей директоры.