Нұр-Сұлтан
Қазір
-27
Ертең
-24
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақтөбеде танысы мен туысына заңсыз пәтер берген шенеунікке қатысты сот басталды

Тергеу нұсқасына сәйкес, кейін бұл пәтерлер иелері тарапынан төмен қалдық құны бойынша жекешелендірілген. Одан соң олардың кейбірі баспананы бірнеше есе қымбат бағаға сатып жіберген. Соның салдарынан мемлекетке келтірілген залал кемінде 48 миллион теңге.

Айыпталушының өзі тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Күдіктінің қорғаушылары пәтерлерге қатысты шешімдер негізінен қала әкімінің (ол кезде бұл қызметті Асхат Шахаров атқарған) төрағалығымен қабылданғанын, ал Әлімов тұрғын үй комиссиясының жай ғана мүшесі болғанын айтады. Осыған байланысты адвокаттардың пікірінше, хаттамаларға қол қойған комиссияның өзге мүшелерінің салғырттығы мәселесін де көтеру қажет.

Басылымның мәліметінше, сот барысында аудиторлық есептен үзінділер оқылған, шенеунік арқылы үйлі болған есімдер арасында түрлі салалардағы бұрынғы және қазіргі жоғары лауазымды шенеуніктер де бар. Сот процесі енді ғана басталды, алда іс материалдары зерттеліп, куәлардан жауап алынады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз