Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбеде шахтада болған жарылыстан тас астында қалған ер адамның жағдайы ауыр

“Науқас жұмыс орнынан жеткізілді. Жағдайы ауыр. Жарақаты көп, бірнеше жері сынған. Қазір жансақтау бөлімінде.

Облыстық ауруханадан нейрохирургтар мен травматолог мамандар шақыртылып, тексерулер жасалды.

Қазіргі уақытта зардап шегушіні облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізу мәселесі қаралып жатыр”,-дейді Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігері Жолдасбек Қамбаров.

Мейрамбек Кенжеғалиев дөң-кен байыту комбинатындағы шахтада 15 жылдан бері еңбек еткен. Төрт баланың әкесі отбасының жалғыз асыраушысы.

“Баламның жағдайы ауыр. Ол ауруханаға қазан айының 11-нен 12-не қараған түні жеткізілді. Ұлым жарылған тас астында бірнеше сағатқа жатып қалған.

Оның шахтадан шықпағанын ешкім байқамаған. Мейрамбекті тек екінші кезекке келген жұмысшы көріп, хабар бергені белгілі болды.

Жалғыз ұлымның жағдайына алаңдап отырмын”, – дейді зардап шегушінің анасы Бекзада Байсадақова.

Ақтөбеде шахтада жарылыс болды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз