Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Ақтөбеде лифт ішінде қайтыс болған келіншек журналист болған

156

Оның айтуынша, Айзат Әбдісамат «Ақтөбе» арнасына 5 жыл бұрын келген екен.

«Алматыдағы ұлттық университеттің журналистика факультетін бітіріп келіп, таңғы бағдарламаға жүргізуші болып қабылданды. Бұрын балалар журналына жазып жүрген тілші таңғы бағдарламамен қатар, арнайы балалар бағдарламасын ашты», – дейді Бибігүл Биманова.

Әріптестері Айзат Әбдісаматтың өте ақкөңіл, кеңпейіл болғанын айтып отыр. Ол тұрмысқа шыққан соң балалы болып, үйде отырған. Кейін таңғы бағдарлама қиынға соғып, журналистиканы емес, бала тәрбиесіне көңіл аударды.

«Ол ақкөңіл болды. Адамның сыртынан әңгіме айтпайтын жан еді. Тірі болғанда мамырда 28 жасқа толар еді. Қызы да 3 жасқа енді келіп отыр», – деді Бибігүл Биманова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз