Ақтөбе қалалық соты “Ислам мемлекеті” экстремистік тобын қолдауға шақырған жеті күдіктіні қамауға санкция берді. Астана соты 2015 жылы 15 қазанда ИМ-ді террорлық ұйым деп таныған еді.
Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеті күдіктіні екі айға қамау туралы үкім 22 сәуірде шықты. Сот мәліметі бойынша, оларға “араздық туғызу” және “терроризмді насихаттау, террорлық акт жасауға шақыру” қылмыстарына қатысты айыптар тағылған.