Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақтөбеде бірінші сынып оқушысы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

122

Үйінде қызуы көтеріліп, ес-түссіз құлаған бүлдіршін жедел жәрдем қызметкерлері жеткенше қайтыс болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жантүршігерлік оқиға 3 қараша күні «Нұр Ақтөбе» ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде тіркелді. Марқұм болған оқушы қыз бірінші сыныпта оқыған екен.

Дәрігерлер келгенше анасы ұйықтап жатыр деп ойлап, қайтыс болған қызының қолын уқалап отыра беріпті.

Дене қызуымен құлап, қайтып ес жинай алмай қалған бүлдіршіннің жағдайын көршілері видеоға түсіріп алған.

Желіде тараған видеода жедел жәрдем қызметін 40 минут күткені айтылады. Қыздың анасы баласының қызуы көтеріліп, қалтырап құлап қалғанын жеткізген.

Видеода баланың тамыр соғысын тексерген дәрігердің бірден жағдайды сезгені көрініп тұр. Ол баланың қандай да бір дертпен есепте бар жоғын сұрайды.

Кіші дәретін жіберіп қойған бала құлаған жерінде жата бергенге ұқсайды.

Әлеуметтік желіде тез тарап кеткен кішкентай қыздың өліміне қатысты ақпарат ақтөбеліктерді шошытып отыр.

Ата-аналар WhatsAрp желісі арқылы баланың қызуы көтерілсе, бірден дәрігер шақыру керектігін айтып, ескертулер жасауда.

Белгісіз жағдайда қайтыс болған оқушының өліміне қатысты сот медициналық сараптама тағайындалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз