Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Ақтөбеде басынан ауыр жарақат алған капитан тілге келді

Емдеу жұмыстары жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Марат Жанқұлов осы уақытта жансақтау бөлімінде жатқан әскери полиция капитанының денсаулық жағдайы туралы айтып берді.

«Қазір оның жағдайы ауыр, бірақ, қан қысымы бір қалыпты. Не дегенмен, өте ауыр жарақат. Жағдайы жақсарып келе жатқандығы туралы айту әлі ерте. Себебі емдік процедуралар қолдауымен жақсы көрсеткіштер көрінгенімен, оның алдамшы, яғни уақытша болуы мүмкін. Науқастың жағдайы туралы нақты бірдеме айту үшін кем дегенде тағы 10 күн керек. Қазір оның жағдайы ауыр, бірақ бірте-бірте есін жинап келеді. Сұрақтар мен дәрігердің нұсқаулықтарына бас изеп жауап береді», – деді ол.

Алдын ала мәлімет бойынша, 32 жастағы әскери полиция капитаны №2030 әскери бөлімінде ату жаттығуларына жоспарлы дайындық кезінде пистолеттен өзінің басына оқ атқан. Бұл оқиғаға қатысты екі болжам бар: өз-өзіне қол салу немесе абайсызда өзін атып алу.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз