Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Ақтөбеде 77 үй құлап, 2 мыңға жуық адам далада қалды (фото)

Су тасқыны кезінде барлығы 785 адам, яғни, 177 отбасы мектептерге жатқызылды. Ал 819 адам туған-туысы мен достарын паналады.

«Қалада шығынды есептеу үшін 7 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Олардың жанында тәуелсіз бағалаушылар бар. Барлығы 77 үй құлады. Оны қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Үйдің тең жартысы құлап тұрған жағдайлар да кезікті. Көбі Қисықкөл мен Махамбетовка ауылында. Үйлер саман кірпіштен салынған. Шынын айтқанда, тұрмыстық техниканың бәрі су ішінде қалған. Атқарушы орган ең болмағанда тоңазытқыш, газ плитасы секілді аса қажет техниканы сатып алып беруді жоспарлап отыр. Баспанасыз қалғандардың 30 пайызы сол аумақтарды пәтер жалдап жүргендер»,- деді Шынтасова.

Айта кетейік, арнайы құрылған «Қолғанат Ақтөбе» қорына бір апта ішінде 11 миллион теңгеден астам қаржы түсті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мектептерге уақытша қоныстанған 110 отбасының әрқайсысына 30 мың теңге берілді. Қазір қордың қаржысы 3 миллион теңгеге азайып қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз