Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақтөбеде 7 жасар бала әлемдік рекорд орнатуға дайындалып жатыр (фото, видео)

309

Тек бұғанасы қатпаған Мусаға әлі кәсіби спортпен шұғылдануға ерте. Сондықтан әкесі Асхат Туркумбаев бар уақытын балаға арнап, қазір арнайы спорт залға апарып жүр екен. Муса көктемде жаңа рекорд орнатуға дайындалып жатқан көрінеді.

«Муса кішкентай балалар, ересектер жасай алмайтын дене жаттығуларын жасай алады. Бәрін өзі бейнероликтерден үйренеді. Қазіргі кезде күнде 35 рет турникке тартылып жүр. Ал рекорды – 55. Күніне 300-500 рет кеудені жерден көтереді. Сонымен қатар бұл жаттығуды 1600 рет орындап, рекорд көрсете алады. Оған жаттығу жасаған, спортпен шұғылданған ұнайды. Қатарластары компьютерден, планшеттен көз алмайды. Ал Муса далада жүреді. Телефон қолдануға 1 сағатын ғана бөледі»,- деді Асхат Туркумбаев.

Муса Туркумбаев  Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектепте білім алады. Оқушының оқу үлгерімі жақсы, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген. 1-сынып оқушысын ата-анасы гимнастика, у-шуға апарып жүр. Алайда Муса зерігіп, жаттығуға барудан бас тартқан екен.

«Жақын күндері Астана қаласындағы спорт орталығының ашылуына барып келді. Сол кезде UFC шебері, балуан Артем Лобов,  Street Workout федерациясының вице-президенті Ислам Бадургов, аға жаттықтырушы Айтым Жақыпов, дзюдодан Франция чемпионы, Еуропа Кубогінің чемпионы, ММА шебері Абукар Яндиев келді. Барлығы кездесті. Әлем бойынша стрит воркаут, яғни, көше спортымен айналысатын балалар көп емес. Олардың ішіндегі ең жасы Муса. Бәрін қарап, бақылауда ұстаймыз. Әлемдік рекорд Украинада орнатылыпты. Ендігі біз оны жаңартуға ниеттеніп отырмыз. Үстіне салмақ қоспай 55 рет, салмақ қосып 20 рет тартылуды жоспарлаудамыз. Астанаға барған соң бізді спортшылар танып жатыр. Енді Лос Анджелестен хабар күтіп отырмыз. Баламның кәсіби спортпен айналысқанын қалаймын. Жаңа жол ашылса, біз де баламыздың жанында боламыз. Оны әрдайым қолдаймыз»,- деді Асхат Туркумбаев.

Айта кетсек, кішкентай спортшы тамақ талғамайды екен. Бірақ еі ұнамайтын асы – ет. Таңертең арнайы ботқамен ауқаттанады. Салмағы 23 келі болатын спортшы тәттіге құмар. Бұл ретте ата-анасы тәттіге шектеу қоймайды екен.

«Жазда Муса жарысқа қатысты. Кеудені жерден көтеруден 20 жастағы баламен сынға түсіп, жеңіп шықты. Баламыздың ынтасы мен мүмкіндіктерін қалт жібермейміз. Оны дұрыс тәрбиелегіміз келеді. Бокс, еркін күрес мектептерінен хабарласты.  Бірақ баламыз дзюдоны, стрит воркаутты қалайды. 10 жасқа келген соң өзі қалаған спортпен шұғылданады. Таланттың шын бағаланғанын қалаймыз»,- деді әкесі Асхат Туркумбаев.

Муса түрлі жаттығу жасап жүріп дене жарақатын да алған екен. Ата-анасының сөзінше, 4 жасында қолын сындырып алып, дәрігерлердің бақылауында болыпты. Алайда бір қолы гипспен бекітілгеніне қарамастан, батыл бала жаттығуын тоқтатпаған. Енді ол әлемді мойындатуды көздеп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз