Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбеде 16 жасар жасөспірім 7 жасар баланы зорлаған

167

Бірақ ол үйінде ешкімнің жоқ екенін айтқан. Ал інімнен сұрағанда көрші бұған шоколад алып беремін деп 350 теңге беріпті. Үйде компьютер ойнаймыз деп шақырған.

Ағам бармағанда үйінде зорлағысы келген екен. Кейін жағдай өзен жағасында қайталанған. Оны көрген куәгерлер бар.

Бізге азғындықтың жасалғанын ойнап жүрген балалар мен көршілер айтып келді. Сол кезде полиция шақырдық. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес пе деп қорқамыз”, -дейді зардап шеккен 7 жасар баланың апасы.

Зардап шегуші тарап оқиғаның 16 шілдеде болғанына қарамастан күдіктінің қамауға алынбағанына алаңдап отыр.

“16 жастағы бала қазір үйінде жүр. Оны әлі қамауға алған жоқ. Мамасы баласын өзімен бірге жұмысқа алып кетеді. Баланың шешесінің күйеуі бұрын полицияда жасаған дегенді естідік. Енді істі жауып тастай ма деп қорқып отырмыз. Көршілердің бәрі ол баланың үстінен арыз жазып жатыр. Бәрі де кішкентай балалары үшін алаңдап қорқады”, – дейді апасы.

Көршілердің айтуынша, күдікті жасөспірім ата-әжесі, анасы және оның азаматтық некедегі жолдасымен бірге тұрады.
Оқиғаға қатысты ІІД-нің мамандары әзірге тектергеу жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз