Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы менингитпен ауырып ауыр халде жансақтау бөліміне түскен

“Мой ГОРОД” жергілікті порталы хабарлағандай, оқушы менингитпен ауырып қалыпты. Ауруханаға түскен кезде, ыстығы көтеріліп, үсті-басында дақтар пайда болған.

Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиеваның сөзіне сүйенсек, жасөспірім ауыр халде жатыр, бірақ жағдайы бір қалыпты.

Кейінірек белгілі болғандай, оқушы бір аптадай үйде жатып өзін-өзі емдепті.

“Жасөспірім 25 қарашада ауырған. Бастапқыда суық тию белгілері болыпты – мұрнынан су ағып, жөтеліп, тамағы ауырады.

Өкінішке орай, ол өзін-өзі емдемек болып, ыстығын түсіретін дәрі ішкен”, — делінген өңірдің қоғамдық денсаулық сақтау департаменті хабарламасында.

Жеті күннен соң жағдайы төмендеп кетеді, сол кезде ғана ол дәрігерлердің көмегіне жүгінеді.

Осы жайттан кейін онымен байланыста болған 39 адам тексерілді. Дәрігерлер оларды бақылап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз