100 мыңнан астам ақтөбелік оқушыға жазғы демалыс лагерьлеріне жолдама беріледі. Ал ЕХРО-2017 көрмесіне 16 мың оқу озаты аттанады.
Олардың 3 мыңнан астамы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Талғат Сүлейменов, облыстық білім беру басқармасының жетекші маманы:
– Негізінен білімі озат оқушыларды таңдап алдық. Олар облыстағы 25 туристік бағытта экскурсияға шығады. Әрбір ауданда шамамен 2 бағыт десек, 3-4 мың оқушыны қамтимыз. Олар өздерінің туған жерінің табиғатымен танысып, тарихына көз жүгіртеді. Ескерткіштерін көріп қайтады.