Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары тірідей жанып кеткен автобус иесі әлі қашып жүр

Енді сол үш жүргізуші сотта жауап беретін болады. Олар жарты жылдан бері Ақтөбедегі абақтыда қамауда. Ал тірі қалған жолаушылар куәгер ретінде тартылады.

“Пернебеков, Қырғызбаев және Таңатов көлік құралдарының пайдалану қағидаларын бұзғаны, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін айыпталуда. Тілепбаев өз міндеттерін адал атқармағаны, көлік құралын сапасыз жөндеу және жалған құжат дайындағаны үшін, Пердебаев жалған құжат дайындағаны үшін айыпталуда”, дейді Ақтөбе облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Күдіктілер қатарында өртенген мына автобустың қожайыны, «Азия Транзит сервис» компаниясының құрылтайшысы мен механигі бар. Механик ескірген көлікті жөнді тексермей, жолға шығуға рұқсат берген. Сол үшін жазаланатын болады. Ол әзірге кепілмен бостандықта жүр. Ал компания басшысы болса автобус өртенген күні елден ізін суытқан.

«Азия транзит сервис» компаниясының басшысына жарты жыл бұрын халықаралық іздеу жарияланған. Бірақ әлі күнге дейін ұстатар емес.  Ал 52 адам тірідей жанып кеткен автобустағы қайғылы оқиғаға байланысты тексеруді өкіметтік деңгейде Өзбекстан мен Қазақстан тарапы бірлесе жүргізген-ді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз