Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ақтөбе облысында оқушы қыздар төбелесіп қас-құлақтарын кескілеп тастады

205

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Алға аудандық сотына бір мектепте оқитын үш қыздың ата-аналарын жинау оңайға соқпады. Әсіресе, оныншы сыныпта оқитын оқушының шешесін сақшылар әрең тапқан. Ішімдікке салынған әйел соттың кіре берісінде мастықтан айыға алмай отыр. Оның қызы қатарласын аяусыз ұрып, қас-құлағын әйнек сынығымен кескілепті. Соның кесірінен жәбірленген жеткіншектің көзіне бірнеше рет ота жасалып, контузия алған.

“Менің қызымды жатқызып алып ұрған. Онымен қоймай әйнек сынығымен қабағын жарып, құлағына дейін тілгілеген. Соны көріп тұрған жұрт арашаламаған да. Кейбіреуі тіпті суретке түсіріпті. Енді қызымның көзі нашар көреді. Үнемі дәрігерлердің бақылауында болады”, деді Алға қаласының тұрғыны.

Баласының жәбір көргенін айтқан Ирина Самарскаяның өзі де әкімшілік жазаға тартылып жатыр. Өйткені оның қызы таяқ жеместен бұрын құрбысымен бес жасар бүлдіршіннің алтын сырғасын шешіп алып, ломбардқа өткізген көрінеді.

“Бұл нағыз гоп-стоп. Қызымның сырғасын шешіп алған. Әйтеуір құлағын жұлып алмағанына шүкір. Сол оқиғадан бері қызым түнде шошынып, бұтына кіші дәретін жіберіп қояды. Бұзықтарды жазалау керек”, деді   Алға ауданының тұрғыны.

Бұзықтығымен аты шыққан қыздар сабақтан қалмайды. Оқу үлгерімі жақсы. Бірақ мұғалімдер олардан бұрын ата-аналарын тәрбиелеуден шаршағандарын айтады. Өйткені, бұған дейін бірінің шешесін әкімдікке айтып мәжбүрлеп маскүнемдіктен емдетсе, енді бірінің әкесі істі болған, ал шешесі үйде тұрмайды екен.

“Отбасында қиындықтар бар. Бірақ мектеп қабырғасында ол екеуі де ондай тәртіпсіз екенін, сондай төбелеске бейім екенін көрсеткен жоқ, байқатқан жоқ”,деді Алға қаласындағы №4 орта мектеп директоры.

Әйтсе де, үш оқушы қызға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Олардың ата-аналары да әкімшілік жазаға тартылуда. Қазір балалары бұзықтық жасағаны үшін тәртіп сақшыларының есебіне алыныпты. Оларды енді инспекторлар тек сабақ кезінде ғана емес, мектептен тыс уақытта да қадағалаймыз деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз