Ақтөбе облысы Ноғайты ауылында жас жігіт 14 жастағы қызбен бірге тұрған, деп жазады “Диапазон” жергілікті басылымы.
Полицияға 19 жастағы ер адам мен жасөспірім қыздың қарым-қатынасы туралы белгілі болған. Құқықбұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот жүргізілді.
Жас жігіт үш жылға бостандығын шектеу жазасына кесілген. Сол уақыт аралығында сотталған азамат ойын-сауық орындарына бара алмайды әрі полицияға тұрақты келіп тұруы қажет.