Ақтауда салынып жатқан құрылыс нысаны аумағындағы дүңгіршекте екі адам өлі күйінде табылды.
Бұл туралы “Ақтау” басылымы хабарлады.
Өңірлік ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, қаза болғандар — 1959 және 1986 жылы туған Ақтау тұрғындары. Алдын ала болжам бойынша, ер адамдар газға уланып өлген. Болжам бойынша, олар мас болған.
Сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.