Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры 11-12 желтоқсанда Ақтау қаласында «QdigitalInform» семинарын ұйымдастырды.
Шара қазақтілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен өтті.
Цифрлық әлемдегі соңғы жаңалықтар мен блокчейн технологиясы туралы семинар қатысушыларына «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Маңғыстау облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелер басқармасының бас маманы Гүлжанат Қайрадинова мен «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Цифрландыру Департаментінің талдаушысы Еркін Ақмамбетов түсіндіріп берді.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады. Осы орайда, ұйымдастырушылар тарапынан цифрлық болашақ траекториясының негізгі қажеттілігін әрбір қатысушыға жеткізу болып табылады. Әсіресе, қазақ тілді аудиторияға жеткізу, себебі мемлекеттік тілде ақпарат жетіспеушілігі байқалады», – деп Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қорының Бас директоры Айбек Казыгулов бөлісті.