Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Павлодар облысында оқушылар бірінен соң бірі талып жатыр

Ақсу қаласы ауруханасы стационары бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бақытжамал Нұралдинованың айтуынша, кеше кешкі сағат  7 төрт қыз бала жеткізілген. Олардың үшеуі диагностикалық палатаға жатқызып, бақылауға алынған. Төртінші балаға «лакунарлы ангина» диагнозы қойылып, жұқпалы аурулар бөлімшесіне орналастырылған.

– Барлық сараптама тапсырылып, ешбір дерт анықталмады. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы. Бүгін үшеуі ауруханадан шығарылады. Алдын ала “ысты газбен уланған” деген диагноз қойылған. Дегенмен бұл расталмады. Әрі қарай анықтай бастағанымызда от жағатын қазандықтың мектептен тыс жеке ғимаратта орналасқаны белгілі болды. Сондықтан олардың ыстан улануы мүмкін емес, – дейді Бақытжамал Нұралдинова.

Ақ желеңділердің айтуынша, бұл жағдай мектеп ішіндегі жанжалға байланысты орын алуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз