Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақсу қаласында тәрбиеші үш жасар баланы ұрған

Педагогтің кереғар мінезіне ата-аналар шағымданған. Арнайы тексеріс кезінде ата-аналар қауымы мекемедегі бейнебақылау камераларға түсірілген материалдар қарады. Нәтижесінде тәрбиешінің ұл баланы соққыға жығып, тіпті, тепкілегені көрінген. Бейнежазбаларды қарап шығуға зардап шеккен Әли Мұқышевтың анасы Татьяна Мұқышева мұрындық болды.

«Ақбота Тілекбердиева Әлидің тәртібінің нашарлығын алға тартты. Бірақ, қол көтергенін жасырып қалды. Камераға жазылған жазбаларда педагог баламды алты рет ұрып жіберіп, тепкені анық көрініп тұр», – дейді Татьяна Мұқышева.

Ақсу қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Зайра Әбдірахманованың айтуынша, жүйкесі тозған балабақша қызметкері негізгі қызметінен шеттетілді.

«Ақбота Тілекбердиева балабақша директорының бұйрығымен мекеменің кір жуу бөліміне ауыстырылды. Тәрбиешіні жұмыстан шығара алмаймыз, себебі оның аяғы ауыр. Қазіргі уақытта декреттік демалысқа дайындық үстінде», – дейді Зайра Әбдірахманова.

Тәрбиешінің өзі баланы ұрып-соққанын жүктілігіне байланысты эмоцияларына еркіндік беріп, өзін өзі ұстай алмай қалғанын жеткізді.

Қазіргі таңда зардап шеккен баланы анасы ішкі істер органдарына шағымданды. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Айта кетейік, осы тектес оқиға үстіміздегі жылдың сәуір айында Павлодар қаласында тіркелді. 35 жастағы тәрбиеше үш жасар қыз баланы ұрып, кейін жұмыстан қуылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз