Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ақшамен шешеді…”. Әйгілі профессор Мейрамбек Беспаевтың былығын ашты (видео)

232

https://kaz.365info.kz/aj-yyat-emes-pe-mejrambek-bespaev-ashhy-shyndykhty-ajtty-291334

“Әр мамандыққа магистратураға бөлінген орындар бар ғой, 10 орын, 20 орын.

Сонда әр бөлінген орындардың кемінде 30 пайызын сондай сырттан келген, сахнада жүрген, тойда жүрген, той-томалақта жүрген асабалар әртүрлі, арзанқол әншісымақтар деп айтар едім, сондай адамдар алып кетеді.

Осылай үздік бітірген бірнеше студентім магистратураға түсе алмай, далада қалды мысалы. Былтыр да болды, алдыңғы жылы да болды. Ол жыл сайын қайталанады. Ол биыл да солай болады!”, дейді доцент.

Ал грантқа түскен студенттерін сосын оқытушылар тек сахнадан ғана көріп жүреді екен. Көбі халықтың сүйікті әншілері. Мемлекеттік есебінен «магистр» атанғандардың ішінде: Мейрамбек Беспаев, Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас та жүр. Әндерін сүйіп тыңдағанымен, ұстаздардың бұл студенттерге өкпесі «қара қазандай».

“Сол екі жыл сабаққа келмейді олар. Басында бір көрінеді. Олардың сабаққа келгеннің өзі бір шоу! Ойбай, пәленше сабаққа келді! Ол сабаққа келуге міндетті ғой!  Ол бір көрінді сонымен жоқ! Ол екі жылдан кейін дипломын алатын кезде бір-ақ келеді…Оқу орнына келген кезде аудиторияға келмейді. Олар тіке бастықтарға барады.

https://kaz.365info.kz/men-de-khalam-ba-mejrambek-bespaev-makhtanyp-ketti-foto-306637

Олар ректорға барады, проректорға, деканға сөйтеді де бізге тапсырма береді. Міне , екі жыл келмеген балаға баға қойып беріңдер деп. Қоймасаң, қорқытуға кіріседі.

Жұмыстан шығартып жіберем дейді, ректораттан қысым жасайды”, дейді Мырзантай Жақып.

Ал кесірі білімді жастарға тиген. Сорақысы сол, грантқа таласқан «жұлдыздар» көбеймесе, азаятын түрі жоқ екен. Тіпті, биыл да құжат қабылдау әлі басталмаса да, кімнің тегін оқитынын ұстаздарға алдын-ала айтылып қойған екен.

Ал, профессордың бұл сөзіне Мейрамбек Беспаев желідегі парақшасына былай деп жауап берді:

Авторлық құқықты сақтау мақсатында жазба өзгеріссіз беріліп отыр.

https://kaz.365info.kz/khajrattyn-betine-ajtam-mejrambek-bespaev-ne-dejdi-271427

“Қадірлі, достар! Өкінішке орай, біздің арамызда қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адамдар да кездеседі. Өзі ұстаз, өзі журналист-ғалым Мырзантай Жақып деген ағамыз фейсбукте мені ғалым болып біреудің орнын тартып алғалы жүрген адамдай сипаттапты.

Менің өнерде өз жолым бар. Ешкімнің жолына да, қызметіне де таласқан емеспін.

Бала күнімнен музыка мектебінде оқыдым. Ұлттық консерваторияда білімімді жетілдіріп, Т.Жүргенов атындағы Театр және өнер академиясын бітірдім. Жаңа заман талабына сай сол оқыған білімімді дамыту үшін “Мәдениеттану” мамандығы бойынша магистратураны жалғастырдым. Экономика, заң, физика сияқты басқа саланы қуған жоқпын.

https://kaz.365info.kz/mejrambekti-zholatpaj-zhyr-bespaevty-kimder-kore-almajdy-273992

Ел сөз қылмасын деп ашық диссертация қорғауға да келісім бердім. Келген адамдардың бәрі қорғаудың қалай өткенін көздерімен көрді. Түркияның, Әзербайжанның елшілігінен де арнайы өкілдер қатысып отырды. Өз салам бойынша білімімді жетілдіруге менің де құқым бар деп ойлаймын. Кейде осындай сәттерде кімнің дос, кімнің дұшпан екені де белгілі болып қалады. Мен ешкімге жамандық тілемеймін. Баршаңызға тек қуаныш тілеймін!”, деді әнші.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз