Ербол Есқалиев бірнеше жыл бұрын АҚШ-қа кеткен еді. Ол өзінің достарының да қолына қару алып қорғануға мәжбүр екенін айтты.
Қара нәсілді Джордж Флойдтың полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапқаннан кейін америкалықтар ішкі істер министрлігініне реформа жүргізуді талап етіп бірікті.
Елдің 15 штатында Ұлттық гвардия жауынгерлері тәртіптің сақталуын күзетуде. Екі мыңға жуық адам ұсталды. Зардап шеккендер мен тіпті қаза болғандар да бар.
Сан-Францискода тұратын мұнайшы Ербол Есқалиев ел карантин мен коронавирустен ес жия бастағанында, жаңа бір жағымсыз жағдай орын алды дейді.
Адамдар енді ғана жұмыс орындарына орала бастады. Шағын және орта бизнес жұмыс істеп, пайда таба бастаймыз деп үміттенген еді
Жәбірленушілердің арасында Ерболдың сыныптасы да бар, ол екі күн бойы қолан қару алып Сан-Диегодағы өзінің ресторанын қорғауға мәжбүр болды. Оған ТМД елдерінен келген достары көмектесті.
Ербол «афроамерикалықтарды нәсілшілдік жалықтарды» дейді.
— Әрине, нәсілшілдік бар. Мен тіпті күннен күнге дамып келе жатыр деп айтар едім. Агрессивті, пассивті болса да, барлық жерде — тұрмыста да, жұмыста да бар. Бұны жай көзбен де байқауға болады. Адамдар бұның барлығынан жалықты.
Полицейлер шынымен де көбінесе өз өкілеттілігін асыра пайдаланады. Әсіресе қара нәсілділер мен латынамерикалықтарға қарсы
Ерболдың пікірінше, полицейлер көбінесе өздері агрессияға итермелейді. Өзін қорғауға тырысқан және полицейдің соққысына жауап қатқан адамды заңды негізде учаскеге алып кете алады. Олар билік қарсылық көрсетті деген сылтау айтады.
— Полицейлер тарапынан зорлық-зомбылық жиі байқалады. Бұл жағдайдар жаңалықтарда көрсетілмейді, бірақ менің қаланың қылмыстық аудандарында, геттода тұратын таныстарым көп. Онда полиция еш себепсіз немесе қателесіп, олардың туыстары мен достарын өлтіреді, ал мундирдегі адамдар көбінесе жазасыз қалады.
Сан-Франциско жанында шағын қалашық бар. Онда кеше түнде жастар топтасып жиналып, полицейлердің көлігін өртеп, полиция учаскелеріне оқ атты. Зорлық-зомбылық пен тонау көп болды. Бірақ адамгершілігі бар полицейлер көп, біз оларды құрметтейміз. Заңды да, жергілікті билікті де құрметтейміз. Оларсыз елде тәртіп болмайды.
Ерболдың айтуынша, афроамерикалықтардың көбі полицияға ашулы.
— Ақтар қараларға, қаралар ақтарға тіс қайрап жүр. Қала көшелерін Ұлттық гвардия күші басып алған, аспанда вертолеттер ұшып жүр, атыстар, қуғыншылар… Барлығы кинодағыдай…
— Біз үйден шықпай отырмыз, күнделікті полиция ақпарын тыңдаймыз. Сан-Францискомен көршілес қалаларда соғыс қимылдары болып жатыр деп айтуға болады. Бұзақылар машиналарды өртеп, дүкендерді тонауда.
Америкада адамдардың көбінің қаруы бар. Қаланың шетіндегі аудандарда әрбір үйде қару, автомат немесе винтовка, тапанша бар
Алайда адамдар өте ашулы және барлығынан шаршаған. Шағын қала тұрғындары қолындағы қаруды қашан қолданатын сәт туады деп, қандай да бір жағдайды күтіп өмір сүретіндей. Олар бүгін ашық түрде қалаларға қару алып кіріп, тонаушыларды да шақырады.
Мен бір түннің ішінде Сан-Францискода ондаған адамның қаза болуы мүмкін деп ойлаймын. Бұл өте қорқынышты және бәрімізді алаңдатып отыр.
Менің америкалық сұхбаттасушымның айтуынша, жергілікті БАҚ қазіргі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар туралы түрлі болжамдарды таратуда.
Танымал нұсқалардың бірі — тәртіпсіздікті Американы құлатқысы келетін Джордж Сорос қаржыландырады
— Әрине, мен бұған сенбеймін.
Хиллари Клинтон және осы тәртіпсіздіктерді қаржыландыратын демократтарға да күмән келтіремін.
Сонымен қатар, Твиттерде бұның барлығының соңында орыстар тұр деген ФБР жазбалары пайда болды. Ақ нәсілді жігіттер дүкендердің витриналарын қиратып жатыр, ал қара нәсілділер оларды ұстап, полиция қолына тапсыруда деген нұсқалар да айтылды.
Бір сөзбен айтқанда, бұл біреудің тапсырысымен жасалған деген көптеген нұсқа бар.