Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

8 мың шақырым жерді жүріп өткен америкалық елдің қаңырап қалғанын айтты

1056

Жаңарған Америка

— Біз әртүрлі штаттың шекарасын кесіп өттік, бірақ полиция бақылау бекеттеріне немесе қандай да бір шектеу шараларын кездестірмедік. Американың кез келген аймағынан көңілі жасыған адамдарды көрдік. Дүкендер мен жанармай құю бекеттеріндегі біздің отандастарымыздың бір-біріне сыйластықпен қарағанына куә болдық.

— Жалпы АҚШ-тағы карантин қалай өтуде?

— Штатардың барлығында дерлік түрлі деңгейдегі карантин режимі енгізілген. Нью-Йорке, Нью-Джерси және Калифорнияда ең қатаң карантин енгізілген. Қалған штаттарда жергілікті билік шағын компаниялардан жұмысын тоқтатып, қызметкерлерін үйдан жұмыс істеуге жіберуін сұрады.

Ірі, «маңызды» кәсіпорындар жұмысын жалғастырып жатыр. Мысалы, азық-түлік дүкендері. Көбінесе  азық-түлік қана емес, үйге қажетті заттардың бәрі сатылатын супермаркеттер жұмыс істеп тұр.

Кесілген материалдар мен бақшаға қажетті заттарды сататын шаруашылық дүкендерінің де жұмысы тоқтаған жоқ. Зоодүкендер, темекі және алкоголді өнімдер дүкені, латереяларды сататын дүңгіршектер, банктер, дәріханалар, фермалар, құрылыс алаңдары және медициналық бөлмелер қызмет көрсетуде.

Ресторандар тамақты өзімен бірге алып кету немесе жеткізіп беру жұмыстарын атқаруда. Кәсіпорындардың бір бөлігі тоқтап тұр, табыссыз қалды.

Экономикалық қолдау

— Билік бұндай жағдайда адамдар мен шағын бизнеске қандай қолдау көрсетуде?

— Вашингтон азаматтарға көмек беріп, экономиканы  қолдау үшін ынталандыру туралы заң жобасын қабылдады.

Қазір электронды аударымдар түсіп жатыр, оны барлығына береді десе де болады:

үлкендерге  —  1 200, балаларға — 500 доллардан беруде.

Ынталандыру туралы заң жобасы бизнеске де көмек көрсетті. Танымал кредиттік бағдарлама кәсіпорындарға төмен пайызбен қарыз түрінде ақша беріп жатыр.

Жалақы төлеу, лизинг, ипотека секілді төлемдерге қолданатын қарыздардың бір бөлігі ары қарай тегін грант ретінде қарастырылатын болады

Бизнеске берілген бұндай алғашқы қаржыландыру тамамдалды. Қазірде конгресс  ынталандыру туралы жаңа заң жобасын мақұлдап жатыр, онда шағын бизнеске мақсатты көмек беру шаралары қамтылады.

Федеральды резервті жүйе нарықтағы А классты муниципальды құнды қағаздарды кепілдендіреміз деп уәде берді. ФРЗ сенімділікті сақтау үшін басқа да  нарықтарға қолдау көрсетті. Бірнеше штаттың, соның ішінде мен тұратын шаттың губернаторы экономиканы жандандыру үшін қарышты қадамдарды бастаймыз деп мәлімдеді.

Менің штатымда кәсіпорындар өз жұмыстарын осы жұма күні, 24 сәуірден қайта бастай алады. Біртіндеп олардың саны артады

Көптеген адамдар жұмыстарын қайта бастағаннан кейін, бірден эпидемияның екінші толқыны басталады деп алаңдап отыр. Бұлай болса штат губернаторлары қарсы әрекет ету шараларын қабылдайды деп үміттенеміз.

Коронавирус жағдайындағы саясат

— Биыл Америкада президенттік сайлау өтетін жыл. Қазіргі президент осы сәтті өзінің жарнамалық науқанына қалай қолданады?

— Бізде ақпарат тарататын көптеген БАҚ Трампты жеккөреді және оның ұстанымын елеместен, бұл жағдайды  оны сынға алатын сәт ретінде пайдалануда.

Азаматтардың басым көпшілігі вирусқа жай қарауға болмайды деп есептейді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат өкілдері проблеманы шамадан тыс дүрліктіріп жібергеннен билік қауіпсіздік шараларын күшейтуге мәжбүр болды деп есептейді.

Өткен аптада бірнеше штатта мемлекет қабылдаған карантиндік шараларға қарсылық акциясы өткізілді

Бұл карантиннің кесірінен жұмыстан шығып қалған азаматтар еді. Мәселен, менің туған жерімде 20 мың халық болса, тек 6 жұқтыру жағдайы тіркелді.

Көптеген адамдар әлеуметтік алшақтық, қол жуу және т.б. сақтық шараларын сақтай отырып, жұмысқа қайта оралы керек деп есептейді. Менің ойымша бір жылдан кейін біз швед көшбасшыларының ерлігі мен кқрегендігіне таңданамыз деп ойлаймын.

— Траптың қарсыластары коронавирус тақырыбын өздерінің сайлау алды науқандарына қалай қолдануда?

— Джо Байден — президенттікке демократтар атынан ұсынылған кандидат. Егер  сайланса, ол АҚШ-тың тарихындағы ең кәрі президент болады. Бұл вирус сайлау науқанының қоғамдық шараларын тоқтатуға мәжбүрледі, дегенмен бұл Байден үшін пайдалы болды. Оның психикалық денсаулығы нашарлап кетті. Ол Трампты өткір сынаған мәлімдемелері мен сұхбаттарын жиі жазып алатын болды.

Жаңа әлем

— Карантин америкалықтар мен қазақстандықтардың, сондай-ақ басқалардың  бойында жаңа әлеуметтік әдеттерді қалыптастырды.

— Иә, америкалықтар, әсіресе оңтүстіктің халқы кездескенде құшақтасқанды жақсы көреді. Вирус қол алысу салтын жойды.

— Бүгінде қандай болжам жасалып, статистикалық мәліметтер келтірілуде?

— Бізге ешқандай карантиндік шаралар қабылданбаса, көз жұмған америкалықтардың саны 1-ден 2 миллионға дейін жетуі мүмкін екенін айтты. Ал егер барлық карантиндік шараларды, әлеуметтік алшақтық, қол жуу және т.б. талаптарды сақтасақ, өлім-жітім көрсеткіші 240 мың адамға дейін қысқаруы мүмкін дейді.

Содан бері болжам бірнеше есеге қысқарды. Енді 60 мың адамға дейін қаза болуы мүмкін деп отыр.

Салыстырмалы түрде келтірсек: 2018 жылы 61 мың америкалық маусымдық тұмаудан көз жұмды. Ал осы жылы 300 мың адам семіздіктен өлуі мүмкін

Мен 60 мыңның да айтарлықтай көп екенін және біреулердің жақынынан айырылып, қайғыратынын түсініп отырмын. Бірақ экономиканың құлдырауы бұдан да артық зиян әкелетініне сенімдімін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз