АҚШ-тың балалары да бірін-бірі мазақтайды екен. Бір бала өзінің гей екенін мойындап, каминг-аут жасағаны сол еді, сыныптастары оны мазаққа айналдырыпты.
The Denver Post жазғандай, қайғылы оқиға Колорадо штатындағы Денвер қаласында болған. Баланың шешесі Лея Пирстің (Leia Pierce) айтуынша, биыл жазда оның ұлы Джеймс Майлс (Jamel Myles) өзінің гей екенін мойындаған.
Ол бұл туралы өзінің сыныптастарына айтпақ болған, өйткені өзінің гей екенін мақтан тұтқан көрінеді.
20 тамызда, сабақ басталған бірінші күні Майлс мектепке қолына тырнақ жасатып барған екен. Төрт күннен кейін оның жансыз денесі өз үйінен табылды.
Сот-медициналық сарапшылар бала өзіне өзі қол жұмсаған деген қорытынды жасаған.
https://kaz.365info.kz/khyzben-emes-erkekpen-bolgym-keledi-korshinin-yly-khalaj-byzyldy-313885
«Менің баламды достары мазақтады. Ол ондай мазаққа лайық емес еді. Ол өзі бақытты болмаса да айналадағы барша адамдардың бақытты болғанын қалайтын. Баламды сағынамын»,
Фото: Mike Blake / Reuters
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-gejdin-yrgashysy-bolyp-shykhty-250142