Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласында атыс болды.
Жарақат алған 41 жастағы азамат қансыраған күйінде «Ренко» қонақүйінің ауласынан табылған. Көптеген оқ жарақатын және үшінші дәрежелі травматикалық шок алған азамат ауыр жағдайда Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір зардап шегушінің жағдайы қанағаттанарлық. Ал құзырлы органдар оқыс оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.