Ақмола облысының Астрахан ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер хабарлады.
Астрахан ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Астрахан аудандық әкімдігінде хабарлағандай, бірден қар еріп, қызыл су Старый Колутон, Новый Колутон, Ягодное, Жаңа Тұрмыс, Жалтыркөл, Косқөл ауылдарын басып, үйлеріне де кірді.
267 адам қауіпсіз жерге көшірілген, қазір бәрі үйлеріне оралды.
“107 үйді су басты деген шағым түсті, қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Шығынды анықтау үшін үйге техникалық тексеру жүргізіледі”, — деп хабарлады жергілікті билік. Бұдан бұрын төтенше жағдай Атбасар және Сандықтау аудандарында жарияланған болатын.