Ақмола облысында дүкен маңынан зейнеткердің мәйіті табылды.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметі бойынша, қайғылы оқиға демалыс күндері Айдабол ауылында болған. 70 жастағы зейнеткердің денесі ауылдағы дүкеннің артынан табылған.
“Алдын ала мәлімет бойынша, 1946 жылы туған ер адам суықтан көз жұмған. Медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу басталды,” – деп хабарлайды баспасөз қызметінің өкілдері.