Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақмола облысында халал шұжық жеген бала қайтыс болды

158

https://kaz.365info.kz/erke-esmahan-kamera-aldynda-bokhtap-ozin-ystaj-almaj-khaldy-336947

“Ауылдағы дәрігерге сағат 3-тің кезінде хабарласқан. Ол кісі 9-дан аса бір-ақ келді сиырын сауып.  6 сағаттың ішінде не болады баламен? Мен өзі бір жұма бұрын ауылға барғам алдымда жүгіріп жүрген «ата», «ата» деп. 5 күн өткеннен кейін барып жерлеп келдік”, дейді  Айзеренің ағасы.

Бурабай аудандық ауруханасының дәрігерлері сәбидің өмірін сақтап қала алмады. Жан сақтау бөлімінде үшінші күні Айзере көз жұмған. Ол ботулизам дертіне шалдыққан болуы мүмкін. Онымен бірге шұжық жеген ағасының екі баласы да қазір Көкшетаудағы ауруханада жатыр. Олардың жағдайы қалыпты. Ал кішкентай қыздың нақты неден шетінегені қазір тексерілуде.

Павлодар облысында қоқыс жәшігінен нәрестенің өлі денесі табылды

“Баланың өліміне анализ жинау барысында тамақтан улану деп тауып отырмыз.Шұжықтан  деп отыр. Сондықтан шұжық сынамалары сауда саттық орнынан толықтай дерлік алынды. Саниталар эпидемиологиялық тексеруді балалардың үйінде де, сауда саттық орнында да жүргізген”, деді Ақмола облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы.

Әзірге бала өліміне нақты не себеп болғаны белгісіз. Сараптама қорытындысы әзір болмаған соң, сауда орнында шұжық өнімдерін сатуға тыйым салынбаған. Осы күндері 3 балақайдан басқа шұжықтан улану дерегі тіркелмепті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз