Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

Ақбота синдромы: Әншілер той иелеріне талай алданып қалғанын мойындай бастады

“Сол себепті ақшаны алдын ала алады. Сол себепті жеке директорым болғаны дұрыс деп ойлаймын”, – дейді ол.

Ал әнші Ғаділбек бір кездері алдап-соғатын той иелері туралы естігенде қапаланғанын, ал бүгінде ондайларға назар аудармайтынын жеткізді.

Бұрын әншілер де, актерлер де нәпақасын тойдан табатынын жасыратын. Олар қасықтап жинаған абыройымыз шелектеп шашылады деп қорқатын. Ал қазір керісінше әншілер тойдан табатын табыстарын жария етуді әдетке айналдырған.

Мәселен, Арман Дүйсенов бір тойдан 19 қой, бір тай мініп қайтқан екен.

“Бір келіннің бетін ашып, 19 қой, бір тай мініп, соларды ГАЗ-53 көлігіне тиеп алып келгенім бар”, – деді ол.

Әнші Әділ Сламхан тойдан 1000 доллар табыс табатынын ашып айтты. Десе де ол той иелерінің жағдайына қарайтынын тілге тиек етті. Той иесінің көңілін табуға тырысатын ол бір кездері ақшасын ала алмай, әбден әбігерге түскен екен.

“Күйіміздің келгенінше, тойға кереметтей ат салыстық. Тойдың ортасында ақшамызды сұрап едік, тойдан кейін береміз деп уәде берді. Сонымен той бітті. Сағат түнгі бірден ауды. Ақшаны бермеді. 4000 долларды тек екі күн өткеннен кейін алдық”, – дейді Әділ мен Дана.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз