Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ақбота Керімбекова: «Біз ешкімді ақша сал деп мәжбүрлеген жоқпыз»

1273
Отандық шоу-бизнес жұлдызы даулы ұтыс туралы пікір білдірді.

Ақботаның айтуынша, ол елді алдаған жоқ және ешкімді ақша сал деп мәжбүрлемеді.

Керімбекова өзінің атына кір келгенін де айтты. Әнші өзінің әнін сүйіп тыңдайтын жанкүйерлерінің алдында өзінің сенгіштігі үшін кешірім сұрады.

«Амансыздарма,оразаларыңыз қабыл болсын баршаңызға. Астарлы ақиқатты көріп жек көріп отырсыздар ма? Ия,қателігіміз болды — сенгеніміз!!! Өз басым ешкімді алдағаным жоқ. Алла куә оған.. Барар жеріміз бір бәріміздің. Құзырлы органдар тексеріп болғаннан соң өз ойыммен бөлісемін деп сабыр сақтап отырғаным да өтірік емес. Роза да, мен де ақша салыңыздар дегеніміз жоқ ешбір жарнамада.

Ұтыс ойыны мен инвестиция екі бөлек дүние. Ұтыстан бір қазақ болса да үйлі, көлікті болса деген ниетім болған. Розаның өткізген ұтысында далелдерге сеніп, қайырымдылыққа сендім менде, құжаттарын көрсеткен соң. Ақша салу деген енді… Ондай батпан ақшаға менде сенбеймін. Өзім біреуге ақша беріп, басым күйген талай. Ақшаларын көбейтіп алу болды ойлары, ия түсінемін. Бірақ мен алып, мен қайтарам деп сендірсем аңгіме басқаша болар еді.Барлық дәлел де айтылар..

Астарлы ақиқат бағдарламасына қатты сеніп отырсыздар ғой..Бармағаным өз себебі бар.Қарасын айтып,ағын айтпағанына налып отырмын. Мейлі,ақталмаймын. Қалғаны уақытында айтылар», — деп пікір білдірді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекова жариялаған ұтыс ойынының қатысушылары «Астарлы ақиқат» бағдарламасына жүгініп, журналистердің лотереяға қатысты бейберекетсіздікті анықтауын өтінген.

Дегенмен шоу-бизнес жұлдызы кездесуге келмей, бұған басымды қатырғым келмейді деп жауап берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз