Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

“Әкем ажырасқан жоқ”. Алакөзовтың қызы баспасөзден өтірік ақпарат таратпауды сұрады

166

Әмина Алакөзованың айтуынша, соңғы кездері қоғамда оның және отбасының өміріне қызығушылық күрт артқан. Ол еліміздегі бір басылымда өзі және Баян Есентаеваның қызы туралы негізсіз мақала жарияланғанын айтады. Ондағы дәйектердің шындыққа еш сәйкес келмейтінін айғақтаған ол жалпы баспасөзден отбасына қатысты негізсіз фактілерді жарияламауды талап етеді.

Алакөзовтың қызы тіпті ата-анасының бүгіндері ажыраспағынын да нақтылады. Сондықтан ол баспасөздерге осы ретте ешқандай құқықбұзушылыққа жол бермейді деп үміт артатынын ескертеді.

Айта кетелік, алдында баспасөзге Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алакөзовтың үйленгелі жатқаны белгілі болған. Олар бұл туралы бірігіп мәлім еткен еді. Ал жуырдағы 31 телеарнаның тікелей эфирінде сұқбат берген Баян Есентаева тойының көктемге жоспарланып отырғанын, тіпті күйеуінің тегіне көшуге дайын екендігін де мәлімдеген. Өз кезегінде Алакөзов өзінің әйелімен ажырасып жатқанын, ажырасу процесі біршама уақыт алатынын да айтып еді.

Аталған ақпарат ВКонтактідегі Атамның басы-ай тобында талқыланып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз