Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Әкел жалақымды!”. Төзімі таусылған ер адам ышқырынан тапанша алып шықты (видео)

Бұл оқиғаның қайда және қашан болғаны әзірше белгісіз. Дегенмен видеоға пікір қалдырған адамдар бұл жайт туралы біршама деректің бетін ашты.

“Мен, не қайыршымын ба, алдарыңда алақан жайып отыратын. Саня, бар деймін саған, бар!.. Енді тағы қайталап сұраймын, менің жалақым беріле ме, берілмей ме?.. Қашан?..” деген ер адам кері бұрылып, кетіп бара жатқан ыңғай танытып, шалбарының ышқырынан тапаншаны алады да, есікті жауып қайтадан оралады. Сөйтіп тапанша кезенген адам ақшасын талап етеді.

Видеоны жұмыс беруші тараптың бір өкілі түсірген. Ер адам нақты жауап ала алмаған соң тапаншасын шығарып, “операторға” кезейді.

Желіде пікір жазғандарың басым бөлігі ер адамның үлкен сомаға жеткен ақшасын ала алмай жүргенін айтып отыр. Instagram желісіндегі топқа жазылған пікірлерде кейбір қолданушылар ер адамның 700 мың сомасындағы қаражатты ала алмай жүргенін айтқан. Фирма нысанды өткізіп болған соң басқа қалаға көшіп кеткен деседі. Ал осы әрекеті үшін, қолданушылардың мәліметінше, ер адам шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз