Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Айуандықпен азапталған ақтаулық 6 жасар қыздың денесі жер қойнына тапсырылды

Әсел Құрманғазина, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Біз қызды танымайтын едік. Дегенмен бұл жағдай бәрімізге ауыр тиді. Жұмыстағы әріптестерімізбен келіп, қайғыларына ортақтасып жатырмыз. Біздің ауруға ұшыраған осындай қоғамымызды кешірсе екен дейміз.

Бұл 6 жасар Викторияның азапты өліміне дейінге бірер күн бұрын жазылған видеосы екен. Кішкентай қыз жазғы демалысын қалай өткізгенін айтып отыр. Оның басындағы жағдай туралы сонау тамыз айында белгілі болған еді. Түс әлетінде әжесімен бірге жүрген ол қыз аяқасты жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан соң қансыраған күйде қала шетіндегі саяжайдан табылған. Сөйтсе, Ақтаудың 32 жастағы тұрғыны кішкентай қызға ойына келгенін істеген. Ал Виканың өзі Астанадағы Ана мен бала ғылыми орталығында үш ай бойы ес-түссіз жатып, бірер күн бұрын ғана көз жұмды.

Зарина Нұрғазина, Ақтау қаласының тұрғыны:  

Біз де анамыз. Біздің де балаларымыз бар. Оның ата-аналарының бұл сынаққа барынша сабырмен қарауын тілейміз.

Ал бүлдіршінді зорлады деген күдіктіге қатысты әлі сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Адам ұрлау, зорлау, адам өлтіру сынды бес бірдей айып тағылған қылмыстық іс 11 томды құрапты. Прокурорлар да күдіктіні өмір бойы түрмеге қаматуды көздейді.

c4140d454f6fe74577d9b4c08baa707f-700x466

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз