Ақтаулық полицейлер ғаламторды шулатқан видеоға қатысты күдіктілерді ұстай бастады. Жас жігітті қансыраған күйде аурухананың есігі алдына лақтырып кеткендердің автокөлігі табылып, оны пышақтады делінген 30 жастағы азамат та тұтқындалған. Қазір видеоға түсіп қалғандар, яғни жігітті есік алдына сүйреп түсіріп, тастап кеткендер іздестірілуде.
Бұл туралы КТК хабарлады.
Жазира Әбіл, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
-Пышақпен жәбірленушіні жарақаттаған дерек бойынша айтатын болсам, қазір күдікті қолға түсті. ҚР КК-нің 293 бабы 3-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.