Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Айуан…”. Ресейлік азамат 5 жасар тәжік қызын өлтіріп тастады

Хувайда Тиллозода отбасының адвокаты Ольга Михайлова қылмыс жасаған адамның ақыл-есі дұрыс па, жоқ па, дәрігерлер анықтайды дейді. Егер күдікті Александр Семиннің ақыл-есі дұрыс емес деп танылса, онда ол бостандыққа шығарылып, мәжбүрлі түрде емделуге жіберілуі мүмкін.

Адвокат іс биыл жылдың соңында немесе келесі жылдың басында сотқа беріледі дейді.

Ресейлік БАҚ Александр Семин кемінде бес баланы зорлаған деген күдікке ілініп жатқанын хабарлайды. “Дни.ру” онлайн-ресурсының мәліметінше, екі қылмыстық оқиғаға Семиннің қатысы бары дәлелденген. Бұл ақпаратты Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігіндегі дереккөз де растап отыр.

Ресейлік БАҚ сонымен бірге күдіктінің Серпухов қаласындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерімен өте жақсы қарым-қатынаста болғанын да жазады. “Мүмкін осы таныстық Александр Сёминнің қылмыстық жауапкершіліктен қашуына себеп болған” деген болжам келтіреді. Айта кету керек, қайғылы оқиғадан кейін Серпухов полициясының жоғары лауазымды офицерлері қызметінен алынған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз