Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Айтқанымыз айдай келді”. Ақышев Әзірбайжан банкіне ақшаны кім инвестициялағанын айта салды

Данияр Ақышев айтқандай, Әзірбайжан банкіндегі проблема 2015 жылдан басталған. 2016 жылдан бастап ҚР Ұлттық банк Әзірбайжан үкіметіне, Әзірбайжан банкіне талап қоя бастады.

«Бірақ олар мерзімінен бұрын қарызды қайтаруға келіспеді. Мәміленің мән-жайына қатысты көп сұрақ жауапсыз болып отыр. ҰБ істі құқық қорғау органдарына береді», – деді Ақышев.

Оның сөзінше, 2014 жылдың қазан айында бұрын қабылданған шешімдер негізінде 250 млн доллар инвестицияланған.

«Шешімді БЖЗҚ емес, сол кезде Ұлттық банкте қызмет еткендер қабылдады.

Лондонда өткен отырыста қарызды қайта құрылымдаудың 3 тәсілі айтылды. Біріншіден, БЖЗҚ активтерін Әзірбайжан мемлекеттік құнды қағаздары түрінде 200 млн долларға 5 пайызбен айырбастау, екіншіден 250 млн долларды 15 жылға 3 пайызбен немесе 7 жылға 3,5 пайызбен. Үшеуі де шығынға батырады», – деді ол.

https://kaz.365info.kz/kelimbetovtin-tirligi-me-zejnetakhy-khoryndagy-bylykhtarga-kim-kinali-262612

Бас банкир Ұлттық банктің барынша ақшаны аз шығынмен қайтаруға тырысып жатқанын айтты.

«Зейнетақы активтерін инвестициялау туралы шешімді арнайы кеңесті басқарған Ұлттық банк төрағасы қабылдаған.

2014 жылдың сәуірінде тұжырымдама мен құралдар тізімі шықты. Декларация шыққан соң инвестиция көлемі де анықталды. 2016 жылдан бастап басты функциялар қорды басқару кеңесіне берілді. Оны мемлекет басшысы басқарады. Ұлттық банк қазір шешім қабылдамайды, ол алқа кеңесінің негізінде әрекет етеді», – деді ол.

Еске сала кетелік, зейнетақы жинағының 71,3 млрд теңгесі Әзірбайжан халықаралық банкіне инвестицияланған. Қазір ол банк банкроттық алдында екенін жариялаған. Осыған қатысты бір апта бұрын жазған сараптамамызда мұның барлығы Келімбетовтің тірлігі болуы мүмкін екенін болжаған едік. Міне, сол болжамды бүгін Ақышев ресми баспасөз мәслихатында растап берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз