Әнші өнердегі әріптесінің әніне гироскутердің үстінде тұрып билеп берді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жұртты фирмалық кәуабымен тамсандыратын Қайрат Нұртас бұл жолы тыңдармандарын ерекше биімен қуантты. Ол әріптесі Еркін Нұржанның “Тәттімсің” әніне гироскутердің үстінде тұрып билеп берді.
Қыздар қауымы бұл биіне сүйсіне қарады. “Сізге не істесеңіз де жарасады”, “Ән де, би де базар жоқ”, “Жаным, сондай күштісің”, “Қайрат, мен сізге ғашықпын” сынды пікірлер білдірген.
Мұнымен қатар, гироскутердегі биін түккөрмегендік деп бағалағандар да болды.