Мейрамбек Бесбаевтың биін күнде көре бермейсің! Ерке Есмахан танымал әнші, “Жұлдызды жекпе-жек” жобасының модераторы Мейрамбек Бесбаевтың өз әніне билегенін айтып мақтанды.
Ол жобада жеңімпаз атану үшін, қазірден Бесбаевқа жағымпазданып жүргенін айтып, елді күлдірді.
“Жұлдызды жекпе-жектегі” есте қалар сәттердің бірі. Бәрін айт та, бірін айт, Мейрамбек ағамыздың биін-ай! Салмақты бейнесімен тек домбырасын, сосын қастарын ғана билететін Мейрамбек ағаның мұндай биін күнде көре бермейміз.
Аға, аман болыңыз, жұлдызы биікте жанған қайталанбас тұлғасыз, біз Сізбен мақтанамыз! Мен Сізді Айлавью! – деп осы кезден жағымпаздана берейінші, бәлкім, жобаның жеңімпазы болармын?! Сосын шетелде рахаттанып жатпаймын ба… Қазақпыз ғой”, – деп қалжыңдады Ерке Есмахан.
Алайда желі қолданушылары Еркенің бұл қылығын жақтырмай, күні түсіп тұрған соң Беспаевқа ел алдында осылай ашықтан ашық қылмыңдап, ырбыңдағаны үшін ашуланып қалды.
„Ұялмайды екенсің„, „Көргенсіздік дейді мұны„ деп жазды бір желі қолданушылары.
https://kaz.365info.kz/osy-kyzde-erke-esmahan-tagy-ne-byldirgeli-zhyr-311551
Айта кетейік, Ерке жобаның алғашқы кезеңінде Зарина Омаровамен сайысқа түсіп, қазылар алқасының шешімімен жеңіске жеткен болатын. Келесі кезеңде Еркенің кіммен өнер көрсететіні әзірге белгісіз.
https://kaz.365info.kz/kyjeuime-bagynamyn-erke-esmahan-ozi-turaly-zhaman-ojlajtyndarga-zhauap-berdi-305062
Дерек көз:Stan.kz.