Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Әйелімді жас қызға айырбастадым». Ұлан ақсақалдың оқиғасы

101

Балалары жан-жаққа кеткесін 4 бөлмені қайтеміз деп үйін сатып, екеуі екі бөлмелі пәтер алған. Қалған ақшасын үйде отырмай қимыл-қозғалыста жүрейік деп, бір бизнеске салып жіберген. Ақшаның астында қалды. Ұлан аға Қазақстанның бай кәсіпкерлері қатарына кіріп, байларға арналған жабық “миллионерлер клубының” мүшесі атаныпты.

Ақсақалдың өмірі күрт өзгерді

Элиталық коттеджге көшіп, көлігін енді қымбат көліктерге ауыстырды. Ақсақалды түрлі шараларға шақырады. Айналасының бәрі жап-жас, бұраңдаған сұлу қыздарға толы.

Жанымдағы жаңа таныстарымның көбі ондай жерге жас, әрі көрікті бойжеткендермен келетін. Бұл арулар жанымды майдай ерітті, құлағыма сыбырлап, сылап-сипағанда өзімді әлемнің патшасындай сезіндім. Ақшамды оңды-солды шаша бердім, шаша бердім”, – дейді Ұлан аға.

Сондай бір кеште Томириспен танысады. Жап-жас, тырсиған төс, шыпшымыр бөксе. Томиристе мін жоқ. Томирис те сол кеште Ұланнан көзін айырмай қарай беріпті. Жасы егде тартқан бай кісінің өзіне деген ықыласын байқаған қыз “шабуылға” көшіп, бәріне дайын екенін білдіріп, еліктіріп, оттай ыстық жалынымен шарпи берген. Жас қыздың буына шыдай алмаған Ұлан аға Томириске ғашық болып қалыпты. Бірақ, жас арудың бір талабы бар еді — Ұлан-шал оған үйленуі тиіс.

Ақсақал Томиристің үйіне барып, анасымен танысады. Ол кісі өзінің әйелі Күміспен түйдей құрдас екен. Ол да қызының бақытын ойлайтынын айтып, талап қойды. Ұлан ағаның әйелімен түсінісіп, ажырасуына екі ай уақыт берді.

– Әйелім Күміс менің жаныма ешқашан жара салған емес. Қуанышты да, қайғыны да әркез бірге бөлістік. Балаларымыздың табысты, салауатты болып өскені соның еңбегінің жемісі. Оған қалай бәрін түсіндіретінімді білмедім, дейді ақсақал.

Бір жағынан туған кемпірін қимай, екінші жағынан жас сұлуға деген құштарлығы айқасып, ақыры Ұлан аға бір шешімге келді.

Енді Күміс жеңгейді болмашы нәрселер үшін кінәлайтынды шығарды. Ұсақ-түйек үшін ұрыс шығарып жүрді. Ақыры Күміс апай Астанадағы балаларының біріне кетіп тынды.

Сосын не болды?

Ұлан аға Томириске құда түсіп, оның ашкөз, дүниеқор ағаларына қомақты қалым төледі.

– Томирис екеуіміздің бал айымыз екі аптаға созылды. Бірақ барлық жақсылық осымен аяқталады. Одан кейінгі өмірім тозаққа айналды.

Ұлан аға Томиристің имансыз, әдепсіз, тасжүрек екенін енді байқайды. Ол оның тиын-тебеніне дейін санап, түгел қағып алатын. Жыныстық қатынас деген енді мүлдем жайына қалды. Оның басқа жас жігіті бар екенін де білді.

Бірақ жан баласына айтуға ұялып, әйелі Күмісті сағына бастайды. Балаларын, немерелерін көруге зарығады. Қарияның не ішіп, не жеп жүргенін қадағалап жүрген Томирис жоқ. Жұмыс істемесе де, күні бойы үй бетін көрмейді. Салдарынан Ұлан ағайдың денсаулығы сыр беріп, түрлі сырқаттар белең ала бастаған.

Томирис кезінде менің отбасыммен араласуыма тыйым салған болатын. Және балаларым да анасына кетіп, менен алыстап кетті. Күміс намазын оқып, Аллаға сыйынуын тоқтатқан емес. Алла оның тілектерін қабыл етеді. Қазір ол 50-ге келгеніне қарамастан ажарланып кеткен,- деп қояды Ұлан аға өкініштен өзегі өртене.

Енді қартайған шағында өз үйінде өзін тұтқындай сезініп жүр. Іштей тынып, қасірет шегіп, азапта жүр. Сырты күліп жүргенімен іші түтінге айналған.

Томирис тіпті сүттен ақ, судан таза періште болған күннің өзінде де әр нәрсенің өз орны бар екенін енді түсіндім. Менің өмірімнің кемелденген шағы келгенде енді ғана шуақтанып келе жатқан адаммен бірге болудың мәні жоқ екен. Қанша тырыссаң да, төсекте толыққанды жігіттей бола алмайсың. Дәрі-дәрмекті қойшы. Әттең-ай, қартайғанда үлкен қателік жібердім, – дейді.

Ұлан аға Күміс апаймен тіл табысуға үмітті. Бірақ о кісі жіберген сыйлығын кері қайтарып жіберіпті. “Кешірдім, бірақ бойыңды менен аулақ сал“, депті.

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз