Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сендер өлтірдіңдер!”. Қарағанды облысының тұрғыны дәрігерлерді оңдырмай сабап тастады (видео)

1595

34 жастағы Қадиша Дәрменбаева сол күні өзін жайсыз сезініп, ауруханаға өзі аяғымен келіпті. Бірақ оны қарап шыққан гинеколог жағдайың бірқалыпты деп, үйіне қайтарып жіберген. Алайда кешкі сағат жетілер шамасында Қадишаны мұнда жедел жәрдем жеткізіпті. Дегенмен ол мына кірген есіктен сол күйі қайтып шыққан жоқ.

Шерхан Мұртаза Бауыржан Момышұлының жанына жерленді

Дәрігерлер бала жатырда-ақ шетінеп кеткен дейді. Кесір тілігін жасап, шақалақты алып шыққан. Ал Қадиша есін жимаған күйі 6 сағаттан соң жан тапсырыпты. Дәрігерлердің айтуынша құрсақтағы су марқұмның қан тамырлары арқылы денесіне лезде тарап кеткен. Оған араша түсетін тәсілдің жоқтығын айтады. Сондықтан қанша алысқанымызбен ештеңе жасай алмадық деп отыр. Керісінше, марқұмның жарынан көрген қорлықты айтып қынжылады.

“Кабинеттің есігін қиратып кіріп, анестезиологтың 2 тісін сындырды. Менімен қоса гинекологқа да қол жұмсады. Бәрін түсінем. Аффект жағдайында болған шығар, бірақ мұндайға дейін бару масқара”, деді Бұқар жырау аудандық ауруханасының бас дәрігері.

Анестезилог полицияға арыз жазды. Мен әзірге арызданбадым. Марқұмның артында 6 және 8 жастағы екі қызы қалды. Ақтық сапарға шығарған туыстары Қадишаның жүктілігі жеңіл өткен дейді. Тек айы күні таяғанда мазасы қашыпты.

“Алғашында ол ішінің тас боп қатып қалғанын айтып, үйде қиналып жүрді. Жаны қиналғасын дәрігерге барып көрінді. Бірақ сол күні гинеколог оны дұрыстап қарамай, үйіне қайтарып жіберіп отыр ғой. Тіпті болмаған соң жедел жәрдем шақырттық”, деп күйінді марқұмның туысы

«Екі аяғымды көтеріп…». Сары әулиенің қызы пәктігін әкесінің қалай тексергенін айтты

Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот медициналық және потологоанотомиялық сараптамалар тағайындалған. Дәрігерлердің жазаға тартылу-тартылмасы тек осылардың қорытындысына байланысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз