Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ағасы бардың жағасы бар…”. Мейрамда бауырыңызды еске алдыңыз ба? (фото)

663

 

 

 

Дінмұхамед Қонаев пен Асқар Қонаев

Ел басқарған Дінмұхамед Қонаевтың Асқар Қонаев деген туған бауыры туралы бірі білсе, бірі біле бермейді. Асқар Қонаев ғылымға араласқан, маңызды істің басы-қасында жүрген азамат болған. Қазақстанның Ғылым академиясының президенті қызметін атқарған. Асқар Қонаев жазушы Мұхтар Әуезовтың Ләйлә есімді қызымен шаңырақ көтерген.

 

 

Дана Нұржігіт пен Рүстем Нұржігіт

Көгілдір экран алдындағы көрерменнің ықыласына бөленген тележурналист Дана Нұржігіт әнші Рүстем Нұржігіттің туған әпкесі.

 

 

 

Алтынай және Талғат Жорабаевтар

Кеше ғана хан сарайындай үй алған Алтынай Жорабаева туған інісі Талғат Жорабаевты қазақ эстрадасына әкелді. Қазір Талғат Жорабаевтың қазақтың ән әлемінде өзіндік орны бар.

 

 

 

Роза және Әбдіжаппар Әлқожа

Туған бауырын киелі сахнаға алып шыққан әншілердің бірі – Роза Әлқожа. Розаның туған інісі Әбдіжаппар Әлқожаның орындауындағы әндер хитке айналып үлгеруде.

 

 

 

Сәкен және Роман Майғазиевтер

Бірнеше жыл бұрын “До Мажор” тобының әншісі болып, енді жеке шығармашылығына назар аударып жатқан Роман Майғазиев

Сәкен Майғазиевтің туған інісі. Бұл туралы білмейтін халықтың өзі олардың бет-әлпетінен туысқан екенін бірден аңғарады.

 

 

 

 

Қазақ өнер иелерінің арасында танымал туыстарды Баян Алагөзова, Бағым Мұхитдинова мен Аша Матай түйіндейді. Баян мен Бағым туған апалы-сіңлілі болса, Аша олардың жиені.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз