Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-9
USD
531
+1.72
EUR
544
+4.83
RUB
5.16
-0.01

Ағалардан иман кетті. «Шалдар» неге жас қыздарға қырындайды?

376

«Үйір» деген өз алдына, кәдімгідей “қырындайтынын” қайтесіз?

Жас қыз көрсе, көздері жылтырап, мұрты жыбырлап, ойымен әлгі қызды шешіндіріп үлгереді.

Оларға аға десең , “иә, қызымдесе, жарасар еді ғой?! Өздерінің әлдеқашан бойжеткен, тұрмыс құрып кеткен қызы бар-ау. Бірақ, олар “қарындас” деп, елпілдейді ғой. Қылмыңдаған көзінде де, жылмиған жүзінде де, жылпылдақ сөзінде де, нәпсіқұмарлық, арсыздық тұрады.

Мезгілі жетіп солғанымен, әлі жас қыздардан дәмесі зор.

„Армандапты ақ тоқты, жайлаудағы көк шөпті„, – дейді, мұндайда. Шама-шарқына, мүмкіндікке қарау деген қайда, беу ағалар?

“Мен әлі үш-төрт қызды тоздырамын, қазір простатиттен емделіп жүрмін”, – деп қартайыңқырап қалған жігіт ағасының сөзін аурухананың дәлізінде естігенім бар.

Еркек адам сүйікті әке, құлай сүйген отағасы болса да, сұлулыққа, жастыққа сүйсініп, ойнап-күлуден қашпайды.

Еркектің екінші құтыруы 40-50 жас шамаларында көп орын алады екен. Оны түсінелік дейік. Бірақ олар неге өзінің қыздарымен жасты бойжеткендерге көз салып, тіпті, сөз де салып, “мен айғырмынды” дәлелдегісі келіп, осқырынады екен? Міне, осыны түсіну қиын боп тұр.

Бәлкім, қазіргі қазақ қыздары сәнді деп Батысқа еліктеп, ашық-шашық көйлектер киіп, жарым-жартылай жалаңаштанып, онсыз да есерсоқтанып тұрған ағалар мен аталарымыздың нәзік психикасын” одан әрмен едіреңдетіп, күнәға батырып жүр ме екен?

Мүмкін, ол кісілеріміздің көңілдері кіршіксіз пәк шығар?

Қалай болғанда да,

әр нәрсенің өз уақыты бар. Ағаларымыз аға болып, аталарымыз ата болып, әркім қоғамдағы өз орнын білсе – анайылықтан да, тұрпайылықтан да арылармыз.

Ақылдың кенін арқалаған ел ағалары, ақыл-кеңес сұрар, имандылық нұрын төгер аға-аталар, қайдасыздар?

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз