Алматы. Универсиада-2017. Әйелдер арасындағы хоккей турнирі. Қазақстан – Ұлыбритания 11:0. Шайба соққан қыздарымыздың аттары: Ажар, Аида, Анастасия, Бұлбұл (2), Ғалия, Карина, Мәдина, Мәлика, Меруерт, Пернеш.
Совет кезеңінде кейбір тренерлер мен мамандардан “Нәсілдік тумыс ерекшеліктеріңе байланысты қысқы спорт түрлеріне бейімдерің жоқ” деген (қазіргі өлшеммен алғанда) таза расистік сөз естіп қорланған аға буын өкілдерінің көзіне жас алдыратын статистика екен. Жарайсыңдар, қарындастарым!
Ғалым Боқаш