Танымал әнші Ғаділбек Жанай “Ханшайым” әніне “сыңар” ретінде “Ханзада” әнін халық назарына ұсынды.
Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.
Әнші желідегі парақшасына видео жүктеп, онда “Ханзада” әнін гитарамен шырқап берді.
«Қымбатты инста-достар, баршаларыңызға белгілі Ғаділбек Жанай «Ханшайымым» әсем әнін жарыққа шығарды, көңілімізден шықты. Дәл осы «Ханшайымымның» жалғасы ретінде «Ханзада» туралы әсем ән жарыққа шыққалы отыр. Қазір сіздердің назарларыңызға ұсынатын боламыз», – деді видеоның басында Ғабілдектің досы.
Әнді тыңдаған қолданушылар әнді бір тыңдағаннан ұнатып қалды. Олардың айтуынша, ән халықтың көңілінен шығады.