Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
430
-2.45
EUR
505
-1.23
RUB
5.55
+0.03

Адам жүретін жерге дейін жолаушыларды жайғастырған вагон басшысы жұмыстан қуылды

157

Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай мәлімет етті деп хабарлады Tengrinews.kz.

Таяуда пойыз вагондарының бірінде жерде билетсіз адамдардың балаларымен бірге ұйықтап жатқан сурет пайда болған еді. Суретті әлеуметтік желіге жүктеген адамның айтуынша, сурет 12-тамызда “Алматы-Атырау” (№041) бағытындағы пойызда түсіріліпті.

“Бұл суреттің рас-өтірігі нақтыланбады. Соған қарамастан, пойыз басшысы өз қызметінен босатылды”, – деп хабарлады Қилыбай.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ басқарма төрағасының айтуынша, билетсіз жолаушыларды пойызға мінгізуге қатысты шағымдары жиілеп кеткеннен кейін осындай шараны қабылдауға тура келген.

– Бұған дейін мұндай шағымдар келіп түскен еді, осыған байланысты оны басқа қызметке ауыстырдық. Енді ол учаске басшысы емес, – деді басқарма төрағасы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз