Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Адайдың кенже немересі…”. Шыңғысханның шығу тегіне қатысты сенсациялық мәлімдеме жасалды

745

Шыңғысхан заманындағы мұңалдар (моңғолдар) таза қазақша сөйлеген және олардың бәрі де қазақ деп аталған.

Ал бүгінгі моңғолдар өзге жұртпен, әсіресе қытаймен араласып, Мұңалдай ұлы аталарының атын сақтап қалуға шамалары жетпей мұңалдан «моңғолға» айналып кеткен.

Солай ма?

Өздеріңіз бір сәтке ой жүгіртіп қараңыздар, Шыңғыс хандай ұлы тұлғаны дүниеге әкелген Қазақтың кенжесі, қарашаңырағының, Мұңал ошақтың  иесі, Адайдың кенже немересі Мұңалдың аты мен тілін сақтай алмаған  елге не айтуға болады.

https://kaz.365info.kz/arysta-eki-adam-shyngys-hannyn-khabirin-khazyp-zhatyr-248523

Ал, қазақтар, оның ішінде, әсіресе адайлар, сол Шыңғысхан заманындағы аталарының атын да, рулық шежіресін де, тілінде, салт-дәстүрін де, әдет-ғұрпын да, тіпті, бәрі-бәрі, бәрінде түгел сақтап бүгінгі күнге жеткізді.

Сондықтан бүгінгі Моңғолия Қазақтың қара шаңырағынан бөлініп, жеке отау тіккен көп баласының бірі болып табылады.

Қазіргі Моңғолиядағы моңғолдардың өз ата–тектерін ұмытып, өзге халыққа айналып кеткенін мына бір ауыз сөзден де көруге болады.

Құпия шежіреде «Моңғолдың ауыруық (аурақ, ауруық) ордасы» деген сөз жиі қолданылған. Бүгінгі Моңғолиядағы моңғолдар, тіпті, олардың тіл ғалымдары да бұл сөзге тиянақты түсінік бере алмауда.

Бұдан шығатын қорытынды, өздерініз көріп отырғандай, қазіргі моңғолдар «уық» деген сөзді түсінбейді, оны архаизм деп отыр.  «Ауыр уық» таза қазақ сөзі. «Уық» деп, қазақтың киіз үйінің шаңырағын тірейтін, яғни, шаңырақ пен керегелердің арасын жалғап тұратын ұзын ағаш сырықшаларды айтады. Сонда «ауыр уық» сөзі, тікелей сүйегі ауыр үй, ауыр орда болып шығады, ал «Құпия шежіреде»  алып орда, орталық орда деген мағына да қолданылған.

Картинки по запросу чингисхан китайский сериал

Әбілғазы айтып кеткен…

Менің осы келтірген дәлелімнің тағы бір бұлтарпас айғағын Шыңғыс қағанның өз ұрпағынан шығып хан болған және өз тарихын өзі жазып қалдырған Әбілғазы атамыздың «Түрік шежіресі» атты тарихи еңбегінен де көруге болады.

Бұл еңбектің біз үшін бірден – бір құндылығы, оның таза көне түрік тілінде, яғни қазақ тілінде жазылуы.

«Түрік шежіресін»  әлемнің көптеген елдері, оның ішінде әсіресе түрік елдері өз тілдеріне аударып жатқанда, бұл еңбек қазақ тіліне аударылған емес. Оның себебі – шығарма тілінің басқа тілдермен көп араласпай, таза сақталған көне түркі тілі, яғни оның қазақтың Ана тілі екендігі.

Бұл дегенің барлық түрік халықтарының түп қазығы, ата жұрты, қара шаңырақ иесі – Қазақ елі екендігін айғақтаса керек.

Демек, Шыңғыс хан заманында (ХІІІ ғасыр), одан 300 жылдан аса уақыттан кейінгі Әбілғазы хан заманында (ХҮІІ ғасыр) барша халық қазақ тілін жақсы білген.

Демек, бүкіл әлемге түгелге жуық билігін жүргізген, Шыңғысхан империясының мемлекеттік тілі қазақтың Ана тілі болған.

https://kaz.365info.kz/torelerdi-khorgandar-shyngyshannyn-khazakh-ekeni-daleldendi-289487

Тіпті Шыңғысхан заманынан көп бұрынғы, әлем тарихында Скиф, Сақ, Гун, Түрік (Батыс, Шығыс атанған екі қағанаттыңда) атанған елдердің бәрінің де мемлекеттік тілі қазақтың Ана тілі болған.

Солардың бірі ҮІ-ІХ ғасырлар аралығында

Орта және Орталық Азияда үлкен империя орнатқан Көк Түріктерді көптеген зерттеушілер қазаққа қимай ұйғыр тілінде сөйлеген деп жазып жүр.

Түп-тамырымен қате тұжырым. Олардың бәрінің де ортақ тілі қазақтың Ана тілі болған. Оны өзге елдердің ғалымдары да мойындайды.

Қаржаубай Сартқожаұлы не дейді?

Мысалы, түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы мынадай деректер келтіреді.

«Он шақты жыл бұрын Түркияда түркітанушы ғалымдардың үлкен симпозиумы болды. Оған Монголиядан мен де қатыстым. Аталмыш симпозиумда Өзбекстаннан келген философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Р.Каримов ортаға ерекше ұсыныс тастады.

Оның «Ортатүрік» теориясы бойынша түркі мәдениеті мен тілін сақтап отырған тек қазақтар ғана екен.

Сондықтан, қазақ тілі болашақта түркі халықтарының ортақ тілі болуы тиіс деді. Лингвистикалық және танымдық, этнографиялық ұзақ жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осындай қорытындыға келген екен. Алайда, оны бірден Ташкент ғалымдары ортаға алып жеп қоя жаздады. Б.Р.Каримов бұл теориясын әлі де жалғастыруда». (Үш қиян № 16. 24.04.2009 жыл).

https://kaz.365info.kz/kyrsinem-de-khoyamyn-azamat-satybaldy-yyatsyz-khyz-bajzakhovany-soz-etti-296398

Осы айтылғандардың тағы бір бұлтартпас дәлелі, Шыңғыс ханның арғы аталары Қарахандар әулеті билігі кезінде өмір сүрген қазақтың әйгілі ғалымы

М.Қашқаридің «Түркі тілдер сөздігінде» көрсетілген 246 мақал-мәтелдің бірді-бір сөзі өзгерместен, бүгінгі күнге жетіп, қазақ арасында күні бүгінде де қолданыста жүр.

Қазір 49 мемлекет өздерінің тегі түрік екенін кәміл мойындайды. Осы елдердің бәрі де бастапқы да, сонымен қатар басқа да көптеген елдер таза қазақ тілінде сөйлеген. Тіпті күні бүгінде де, елбасымыз айтып жүргендей қазақ тілін меңгерген адам түріктің он жеті елімен еркін сөйлессе, қалғандарымен аудармашысыз ақ түсінісе алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз