Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ӘЧ-2018: Бельгия құрамасы Бразилияны жеңіп, жартылай финалға шықты

Сонымен қатар, Бельгия құрамасы үзіліс алдында да екінші гол соқты. 31-ші минутта бельгиялық шабуылшы Ромелу Лукакудың тепкен добын қабыл алып, айып алаңына шыққан жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйннің қашықтықтан тепкен добы бразилиялықтардың қақпасына дөп түсті.

Екінші таймда Бразилия құрамасы есепті теңестіру үшін барын салғанымен, екінші гол соғуға шамалары келмеді. Ол голдың өзін 76-минутта ойынға тыңнан қосылған жартылай қорғаушы Ренато Аугусто соққан болатын.

Соңғы минуттарда Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа да бірнеше сэйв жасап, гол соқтырған жоқ. Нәтижесінде бұл кездесу 2:1 есебімен аяқталып, бразилиялықтарды ұтқан Бельгия жартылай финалға шықты.

Жартылай финалға жолдама алған бельгиялықтар Франция құрамасымен кездеседі. Олардың арасында ойын 11 шілде күні өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз