Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Әбден шаршаттыңдар ғой…”. Баян Есентаеваның әкесі бұлқан-талқан болды

342

„… Бұл қалай басталып еді дегенде, Мен – Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов. Жасым 71-де, руым – Кіші Жүз, Масқар. Кейінірек аттары аталатын – үндес, ауызбірлігі құрыш, ой қорыта алатын, сайтқа жариялай алатын адамдардың суқаны сүймейтін – Баянның әкесімін. Баянның анасы, 51 жыл айотасым Күлжамал. Жасы 69-да, руы – Арғын, Тобықты. Байлығым 5 мыңға таман кітәп, фонотекамда бір мыңнан аса күй, бір мыңнан аса ән, термелер, бүкіл дерлік европа классикасы бар.

Баян осы атмосферада өсті, сондықтан кейде ешкі апа бола алады, ал жездең теке деген түсінік жоқ.

”Әке – балаға сыншы”, сондықтан да “Алаш” сыйлығының иегерінен өресі әлдеқайда жоғары.

Айтпақшы, кітапханамда Қазыбек ақынның шығармалары жоқ, бірақ тауып бір екі кітәбімен танысып шығып, “Алаштың” ауылы жырақ екенін түсіндім, сірә мына Баянмен болған жағдайдай ауызбіршіліктің, ұлттық құндылықтарға деген жанашырлықтың арқасында, қисық кетіп бара жатқан көш – “Алаш” елді мекеніне тұрақтаған сыңайлы.

https://kaz.365info.kz/esentaevtyn-kharyndasy-bakhytbek-22-zhyl-bojy-bayannyn-ata-anasyn-bakhty-270759

Хош, енді төсекте жатса да ”Қозы Көрпеш-Баян сұлу” эпосына жасалған қиянатқа шыдай алмай пост жазған Анар Төлеухан қызына келейік. Анар ханым дейін десем, “ханым” тек қана ханда болар-ды. Анар бике, Анар бикеш дейін десем, ауырып қалыпсыз, жастар ауырмайды ғой, Анар бише дейін десем, жұбайыңыз – күмән, байда ғана бише болады (бәйбіше/байбише). Сондықтан да Анар Төлеуханқызы “Әліпті таяқ деп білетін” – сіз екенсіз. Барлығы сізден басталған екен дегенім ғой.

https://kaz.365info.kz/tosin-korsetip-kinoga-tysedi-bayan-makhsatkhyzy-zhana-obrazda-video-286866

Құдай қолдап Бақыт Жаншаева ханым Гүлмәрия Барманбекова екеуіңіздің араңызды жалғап, Гүлекең ойды қорытып, мəтінді жазып шығып, өзіңізбен үндес адамдар екені анық деп Өмірзақ Ақжігіт пен Жолымбет Мәкішті қосып, құдай ұрғанда Шара Турмаганбетова сол алғашқы тізімге ілікпей де қалыпты. Бірақ Шəкең деген жасын ғой, жарқ етіп алғашқы болып қол қойыпты. Қазыбек Иса қуаттап сайтқа жариялайық деп халықтық үн қуат алып, “лидерство”, көшбасшылық Қазыбек Исаға өтіп кетіпті.

https://kaz.365info.kz/korsetkishi-kyshti-erlan-kharin-khozy-korpesh-bayan-sylu-filmin-synagandarga-zhauap-khatty-296061

Аянышты-ақ! Анар Төлеухан қызы, журналиссіз ғой, ендеше, біліп қойыңыз, ешкім “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” эпосына қиянат жасаған жоқ. Бұл эпостың 12-15 шақты нұсқалары болса керек, башқұрт, алтай тіліндегілерді санамағанда. Менің өзімде 8 варианты бар. Сол варианттардың негізінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу“ деген 6 сериялық телесериал түсірілді. Ал эпостарға қиянат жасау үшін оларды білмеу керек. Фильмнің сценариін жазған адам жырдың варианттарын білмеді деп айта алмаймын…„

Айта кетелік, Қазақстан ұлттық арнасының тапсырыс берген “Қозы-Көрпеш-Баян сұлу” телехикаясын продюсер Баян Мақсатқызы түсірген болатын. Кино экранға жарық көре салысымен қатты сынға ұшырады. Сын көрсетілген заман басқа болғанмен, ондағы сөздер бүгіндікі, қарабайыр дегенге келеді. Ақыры бұл фильм ұлттық арнадан енді көрсетілмейтіндей болғандай болған…

Хаттың толық нұсқасын Ұлт порталынан оқи аласыздар.

Баян Мақсатқызы әке-шешесімен бірге (сурет Ұлт порталынан алынды)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз